12 желтоқсан күні А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің «Кимешек – ұлттық мұра» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.
Шара барысында қатысушыларға қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі – кимешектің шығу тарихы, оның түрлері, көркемдік ерекшеліктері мен мағынасы туралы қысқаша мәлімет ұсынылды. Балаларға ұлттық киімдерге арналған суреттер көрсетіліп, шағын ойындар мен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрді насихаттау және жас ұрпақтың мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру болды.
Кимешек – ұлттық мұра