Адам саудасына «СТОП!»

Н. Островский ат. ОҚК-да «Адам саудасына «СТОП!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда кітаптар, мерзімді басылымдар, бетбелгілер бар. Көрме материалдары құл саудасының проблемаларын ашады. Орталық орынды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі алады, онда адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылады (1-тарау. Адамға қарсы қылмыстар. 128-бап). В. Гюгоның «Человек, который смеется», Ш. Айтматовтың «И дольше века длится день», Ж. Вернның «Пятнадцатилетний капитан» кітаптарында жазушылар адам саудасы мәселелерін көтереді. Н. Оршақпаеваның «Живой товар» («Казахстанская правда» газеті) мақаласында Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес шараларын күшейту туралы айтылады. Журналист Ш. Жалғасбекұлы халық арасында адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы жазады («Заң» газеті).