2025 жылғы 15 желтоқсанда Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қазақстанның қасиетті жерлеріне арналған іс-шара өткізді.
Кітапханашылар «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанның 10 бірегей киелі орындары, Қостанай облысының 5 орны туралы айтып берді. Іс-шараға «Тарихи-мәдени мұраның символы» атты электронды презентация және «Қазақстанның киелі жерлері», «Қостанай облысының киелі нысандары» бейнероликтері дайындалды. Студенттерге «Менің өлкемнің киелі жерлері» ақпараттық буклеттері таратылды.
Іс-шара «Қазақстанның киелі жерлері. Святые места Казахстана» кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
Туған өлкенің қасиетті қазыналары