2025 жылғы 25 желтоқсанда Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» кезекті сабағы өткізілді. Сабақ «Денсаулық» тақырыбына арналды.
Іс-шара барысында қатысушылар денсаулыққа қатысты жаңа сөздермен танысты, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау және қимыл-қозғалыстың адам өміріндегі рөлі туралы мәлімет алды.
Қатысушылар үшін «Пайдалы және зиянды әдеттер», «Дұрыс па, бұрыс па?» сияқты ойын тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.
Денсаулық