Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Н. Островский ат. ОҚК-да «Парасат жолы» жобасы аясында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі жұмыс істеуде. Көрме сыбайлас жемқорлық қызметі сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған.
Көрмеге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Ж. Нұрғожаевтың «Парасат жолы», «Криминология» кітаптары және мерзімді басылымдар қойылды. Г. Ізтұрғанованың «Заң» газетінде жарияланған «Жемқорлықпен күрес науқандық шара болмауы керек» атты мақаласында қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі халықаралық қызмет туралы айтылады. Мемлекеттік инспектор В. Осиков «Экологиялық курьер» газетінің беттерінде жарияланған «Нет коррупции» мақаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық бақылау маңызды рөл атқаратынын атап өтті.