Әділдік жолында

«Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Әділдік жолында» атты тақырыптық сөресі дайындалды. Тақырыптық сөре оқырмандардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, өзекті заңдармен, нормативтік актілермен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен танысу мақсатында ұйымдастырылған. Көрмеде ҚР Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, нормативтік-құқықтық актілер жинағы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар туралы баяндайтын мерзімді баспасөз мақалалары ұсынылған.