Н. Островский ат. ОҚК-да қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге Ә. Бөкейхановтың ғылыми еңбектерінің мазмұнын, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясы қызметінің маңыздылығын ашатын басылымдар қойылды. Олардың кейбірін атап өтейік: Ә. Бөкейханның шығармалар жинағы, ғылыми зерттеулері, экспедициялары «Шығармалары», С. Аққұлы «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы», М. Құл-Мұхаммед «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. Программа «Алаш»: фальсификация и действительность» монографиясы.
Дәуірдің жарық жұлдызы