Қарапайым сөздермен ғылым туралы

13 қаңтарда «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «IQostanay» SMART-орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін «Қарапайым сөздермен ғылым туралы» танымдық сағатын өткізді. Балалар ғалымдардың әлемді әртүрлі бағыттар бойынша қалай зерттейтінін білді. Робототехникаға ерекше назар аударылды.
Жарқын презентация мен бейнероликтің көмегімен оқушылар заманауи механизмдердің қалай жасалатынын және олардың қай жерде қолданылатынын көрді. Қатысушылар көргендерін белсенді талқылады, өз идеяларымен бөлісті, сұрақтар қойды, жаңа технологияларға үлкен қызығушылық танытты.