«Станционный» кітапхана-филиалында оқырмандар үшін құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және экстремизм мен терроризмнен бас тартуға бағытталған «Терроризмге жол жоқ!» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды.
Көрмеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ терроризмнің пайда болу тарихы және оған қарсы күрес туралы кітаптар ұсынылған.
Сонымен қатар, оқырмандардың назарына терроризмге қарсы тақырыпқа арналған көркем әдебиет ұсынылды. Олардың қатарында А. Жантасов «Второй мусульманский», А. Тамоников «Ливийское сафари», «Сирийские спартанцы» және т. б. бар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.
Терроризмге жол жоқ!