Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің басты міндетіміз

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің басты міндетіміз» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Тақырыптық сөренің материалдары оқырмандарға сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қазақстандықтардың азаматтық борышы болып табылатыны туралы маңызды ақпарат алуға көмектеседі.
Тақырыптық сөреде сыбайлас жемқорлық мәселесін жан-жақты ашатын кітаптар ұсынылған: А. Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», А. С. Абилова, Г. Ж. Уайсова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», М. Қалқаманұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері». Сонымен қатар, газет беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылды: «Казахстанская правда» – «Антикор: отвечая на вызовы времени», «Барьеры для коррупции», «Костанай-АГРО» – Б. Бекбулатов «Общество без коррупции – будущее нации», К. Герасимова «За будущее без коррупции».
Барлық ниет білдірушілерді тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.