Кездесу

2026 жылғы 16 қаңтарда Н. Островский ат. Орталық қалалық кітапханада «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Әзімжанова Сәуле Ирқанқызымен кездесу өтті. Күн тәртібі жабдықтау, қамтамасыз ету және цифрландыру бойынша ағымдағы мәселелер.
Сәуле Ирқанқызы кітапханалар жұмысының жағымды жақтарын атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Дорожный» кітапхана-филиалын жөндеу, іргелес аумақтарды абаттандыру жоспарлары туралы мазмұнды жауаптар айтылды. Цифрландыру мәселесіне, «Web-РАБИС» бағдарламасын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ағымдағы мәселелер, бар проблемалар жұмыстың әрі қарайғы бағыттары мен өзара іс-қимыл жолдарын айқындады.