Біздің ақылды көмекшілеріміз

2026 жылдың 20 қаңтарында «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 мектепте «Біздің ақылды көмекшілеріміз» атты сабақ-практикумын өткізді. Іс-шараға 6 «А» сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы анықтамалық басылымдармен, каталогтармен, картотекалармен таныстырды. Қызықтыратын тақырып бойынша қажетті дереккөздерді қалай табуға болатынын айтты. Іс-шара практикалық тапсырмалармен қатар жүрді, балалар алфавиттік каталогтың көмегімен кітапхана қорында кітаптардың болуын анықтады. Қатысушыларды анықтамалық әдебиеттер қызықтырды.
Соңында кітапханашы кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырып, оқырман формулярының қалай жасалатынын айтып берді.