Сахнаға тағдырын арнаған жан

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Сәбит Оразбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сахнаға тағдырын арнаған жан» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сахнаның көрнекті қайраткері, қазақ театры мен киносының аңызы Сәбит Оразбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырды. Сондай-ақ, «Өмірдің өзі –театр» бейнеролигі көрсетілді.
Іс-шара соңында кітапханашы Сәбит Оразбаевтың «Өмірдің өзі – театр», «Тазарғың келсе, театрға бар» атты кітаптарын таныстырып, жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге және рухани құндылықтарды бағалауға шақырды.