Өмір бойына созылған гастрольдік сапар… мен еске аламын

Игорь Александрович Моисеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Северный» кітапхана-филиалында «Активное долголетие» СӨС тобының қатысушылары үшін «Өмір бойына созылған гастрольдік сапар… мен еске аламын» комплимент кеші өтті.
Бұл іс-шара – халық биін жоғары академиялық өнерге айналдырған «Ғасыр адамына» құрмет көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Ол тек билерді жинап қана қоймай, жер шарының кез-келген жерінде аудармасыз түсінікті халықтардың портреттерін жасады.
Кеш барысында қатысушылардың назарына «Яблочко» флоттық сюитасының бейнеролигінен үзінді көрсетіліп, «Би өмір ретінде» кітап көрмесіне шолу жасалды.