«Западный» кітапхана-филиалында «Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» кітап көрмесі рәсімделді, онда кітапхана қорынан басылымдар қойылған. Ф. Оразбаеваның «Ой өрнегі – сөз» жинағында қазақ тіл біліміндегі коммуникативтік теория мен әдістеменің қалыптасуы бойынша 70-80 жылдардағы алғашқы ғылыми-зерттеу еңбектері бар. Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Н. Домбайдың «Ұлт жаны», З. Күзекованың «Қазақша сөйлейміз», М. Серғалиевтің «Тілім менің – тінім менің», Е. Тілешовтың «Қазақша үйренейік», Д. Абаевтың «Сөзтүзер» және басқа басылымдарда мемлекеттік тілді зерделеу және оларды жұмыста және күнделікті өмірде одан әрі қолдану үшін материалдар ұсынылды.
Оқырмандардың назарын мерзімді басылымдардан қызықты мақалалар аударады: З. Москау «Қазақ тілі: вчера и сегодня» («Казахстанская правда». – 2025. – 12 декабря. – С. 9), «Мемлекеттік тіл – ұлттық идеология» («Парасат». – 2023. – Б. 14–16).
Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!
Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ