Ел назарында

«Дружба» кітапхана-филиалында «Ел назарында» ақпараты өтті.
Кітапханашы 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын айтты. Білім беру бағдарламалары, дарынды балаларға арналған мектептер және жасанды интеллект курстары туралы ақпарат берді. Мерзімді басылымдардан бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі туралы, қазіргі жастардың болашағы туралы мақалалар ұсынылды.
Іс-шара «Болашақ мамандықтары» интерактивті ойынымен аяқталды, оның барысында қатысушылар заманауи ғылымдардың дамуы кезінде туындауы мүмкін мамандықтарды ойлап тапты.