Ұмытылмас есімдер

«Южный» кітапхана-филиалында мерейтойлары 2026 жылы атап өтілетін Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған «Ұмытылмас есімдер» кітап көрмесі рәсімделді: Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова, Әлихан Бөкейханов, Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіров.
Көрменің бірінші бөлімі өнер шебері ретінде азаматтық-саяси поэзияны қалыптастыруға ықпал еткен, халық ақындарының шығармашылық рухын шабыттандырған эпикалық ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевқа арналған. Бұл бөлімдегі кітаптар ақынның шығармашылығын ашады.
Көрменің екінші бөлімі – белгілі қазақ композиторы және домбыра орындаушысы, Құрманғазы Сағырбаевтың шәкірті, дәстүрлі күйдегі домбыраға арналған шығармалардың авторы, Қазақ КСР Халық әртісі Дина Нұрпейісова туралы. «Күйші Дина» кітабы композитордың өмірбаянымен және ноталық материалдармен таныстырады.
Көрменің үшінші бөлімінде ХХ ғасырдың бірінші үштен біріндегі қазақ зиялыларының ең ықпалды өкілдерінің бірі, көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, ғалым, журналист, этнограф және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың еңбектері мен өмірбаяндық деректері ұсынылған.
Көрменің төртінші бөлімінде – ақын, қазақ кеңестік әдебиет классигі, Қазақстанның Халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, танымал саясаткер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың шығармалары.
Көрменің соңғы бөлімі ғарышты бағындырған тұңғыш қазақстандық Тоқтар Әубәкіров туралы әдебиеттермен таныстырады. Бұл тарихи оқиғаға көптеген жеңістер мен қиын сынақтарға толы ұзақ жол болды. «Космонавты Казахстана» кітабы балалардың арманын жүзеге асыра алған Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік береді.
Көрмеде кітаптар ғана емес, мерзімді басылымдар да бар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді көрмеде ұсынылған осы және басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз.