Кітап – білім бұлағы

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.
Кітапханашы балаларға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы және алғашқы басылымның тарихы туралы айтып, кітаптар туралы бейнероликтер көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар шығармаларды рөлдік оқуға қатысты. Сабақ соңында балалар ақын-аудармашы Байбота Қошым-Ноғайдың «Достық жоралғы», М. Әлімбаевтың «Алақай-балақай», Ө. Ақыпбекұлының «Құпия оқулық», С. Қалиұлының «Біз шадыман баламыз», О. Әубәкіровтың «Қағаз қалпақ» шығармаларынан үзінділер оқыды.