Сәлем – сөздің анасы

2026 жылғы 29 қаңтарда Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» кезекті сабағы өткізілді.
Кітапханада мемлекеттік тілді үйренуге арналған танымдық сағат «Сәлем – сөздің анасы» тақырыбында болды.
Іс-шара барысында қатысушылар сәлемдесуге байланысты құрмет пен ізеттілікті көрсету, жылы байланыс орнату, қоғамдық мәдениетті сақтау туралы жаңа сөздермен танысты.
Қатысушылар үшін «Тез таныс», «Дұрыс айт», сияқты ойын тапсырмалар ұйымдастырылып, сергіту сәті өткізілді. Қатысушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.