29 қаңтарда А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Асыл мұра» үйірмесінің қатысушылары жиналды.
Кітапханашылар олар үшін «Қазақ қызының ұлттық киімі: кимешекке бастар жол» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Қазақ қызының ұлттық киімдерінің ерекшелігі, олардың жас ерекшелігі мен әлеуметтік мәртебеге байланысты түрленуі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Қазақтың дәстүрлі камзолын, тақиясын, көйлек үлгілерін киген қыздар ұлттық рухты айқын сездіріп, танымдық сағаттың мазмұнын аша түсті. Бұл олардың ата-баба мұрасына деген құрметін, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын көрсетті.
Қазақ қызының ұлттық киімі : кимешекке бастар жол