Менің Отаным – Қазақстан

«Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесі Қазақстанның көрнекті ақындарының, жазушыларының, ғалымдарының, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық күндеріне арналған.
Көрменің «Тәуелсіздік жарияланғанына 35 жыл» атты бірінші бөлімінде тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы туралы материалдар ұсынылған: К. Сәттібай «Менің елім», Б. Қойшыбаев «Тәуелсіздік тамырлары», «История независимого Казахстана» және т. б.
Көрменің келесі «Қостанай облысы – құрылғанына 90 жыл» атты бөлімінде – Қостанай облысының қалыптасу және даму тарихы, оның қазіргі экономикалық әлеуеті туралы басылымдар мен құжаттар: А. Ермолович «Қостанай облысы», «Алтын дала. Костанайская область» және т. б.
Көрменің үшінші «Тарихты тану: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты бөлімі биылғы мерейтойлардың шығармашылығына арналған: Ы. Алтынсарин, Ж. Жабаев, А. Бөкейханов, Н. Наушабаева, М. Хәкимжанова, Ғ. Ахметчин, Ә. Досов, А. Шаяхмет, Т. Әубакіров. Оқырмандар келесі кітаптарға қызығушылық танытады: Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар», Н. Наушабаева «Ұйықтама, оян Алашым!», Ә. Бөкейхан «Шығармалары», Е. Сыдықов «Жамбыл Жабаев», М. Хәкімжанова «Шығармалары» және т. б.
2026 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» кітабына ерекше назар аударылды.
2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. С. Мәжитовтың «Историческая наука Казахстана: современное состояние и тенденции развития» кітабы және мерзімді басылымдардан алынған мақалалар және т. б. ұсынылды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.