«Узкоколейный» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланғанына 35 жыл толуы аясында «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз» тақырыптық сөресі рәсімделді.
Көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларды баяндайды. Н. Кенжеғұловтың «Декабрьское восстание 1986 года в печати Казахстана» кітабында газет-журнал басылымдарының мазмұнын және олардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдағы рөлін кеңінен атап өтті. Қ.Айтхожиннің «Мысль» журналында жарияланған «Государственная независимость как достояние народа Казахстана» атты мақаласында ерекше тарихи және қоғамдық-саяси маңызы бар тәуелсіздік туралы баяндалады. С.Әкімбековтың «Краткая история казахов» кітабында қазақ халқының алғашқы көшпенділерден бүгінгі күнге дейінгі тарихы қарастырылған.
Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз