Қазақ даласының ақыны

«Қонай» кітапхана-филиалында импровизатор ақын Ж. Жабаевтың 180 жылдығына орай «Қазақ даласының ақыны» тақырыптық сөресі рәсімделді. Кітапханаға келушілердің назарына 10 томдық «Жамбыл Жабаев» шығармалар жинағынан кітаптар ұсынылды, онда автордың өлеңдері, айтыстары мен поэмалары және жазушылардың ол туралы естеліктері қамтылды. Сонымен қатар, мерзімді баспасөзден алынған мақалалар: С. Жамбылова «Абай мен Жамбыл», С. Өмірзақов «Адамдықты, ерлікті айтқан ерен ақын».