Шебердің қолы ортақ

«Западный» кітапхана-филиалында зейінін, қиялын және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған 6-9 жас аралығындағы балаларға арналған «Шебердің қолы ортақ» үйірмесі жұмысын бастады.

Үйірменің алғашқы отырысы ұйымдастырушылық сипатта болды. Кітапханашы үйірме және оның жұмыс жоспары туралы айтып берді. Балалар сурет салу және сомдау бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сіздерді «Шебердің қолы ортақ» клубының мүшесі болуға шақырамыз.