Ертегілер еліне саяхат

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты танымдық сағаты өткізілді. Балалар ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп рөлдер бойынша оқып, берілген әріптерден сиқырлы сөздер құрастырды, жұмбақтар шешті. Олар қызықты кітаптар мен журналдармен танысып, ертегілер оқыды.