Кітап елі

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №6 ЖББМ 2 сынып оқушылары үшін «Кітап елі» атты экскурсия өткізді.

Кітапханашы кітапхана және оның тарихы туралы айтты. Келесі кезекте балалар кітапханадағы тәртіп ережелерімен танысып, сөрелерді аралап, қажетті кітаптарды тез тауып алуды үйренді. Балалар абонемент пен оқу залының айырмашылығын, оқырман формулярының қандай екенін білді. Балаларды жануарлар, құстар мен табиғат туралы кітаптар, ертегілер, мифтер мен аңыздар қызықтырды. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарынан алған әсерлерімен қуана бөлісіп, кітапханаға жиі баруға уәде берді.