Барлық мамандықтар маңызды

Мамандық таңдау – өте жауапты іс, балалардың болашақ мамандығын таңдауына көмектесу үшін «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы Дружба орта мектебінің 9-сынып оқушылары үшін «Кім боламын?» атты кәсіптік бағдар сағатын дайындады.

Іс-шара әр түрлі адамдардың бір іске деген көзқарасы туралы астарлы әңгімеден басталды. Іс-шараға қатысушылар мамандық таңдауда қандай дәлелдерді басшылыққа алатынын талқылады. Кітапханашы мамандық таңдауға деген көзқарастың негізгі «күнделікті» әдістерін – еңбек нарығындағы сұраныс, табыстылық, физикалық және психологиялық денсаулыққа қойылатын талаптар, қызметтік өсу және т. б. атап өтті. Балалар «Кәсіп» және «Кәсіптік қызмет» деген сөздердің нені білдіретінін және кәсіптік қызметтің қарапайым еңбек қызметінен қалай ерекшеленетінін білді. Содан кейін оқушылар мамандық таңдау туралы сұрақтарға ойын түрінде жауап берді. Қатысушылар үшін маңызды сәт психолог М.С.Каримова өткізген «Сіздің кәсіби бейімділігіңіз» тестілеуі болды. Тестілеу кезінде олар қандай қызмет түріне бейім екенін анықтады. Іс-шара «Анаграммалар» және «Эти странные профессии» ойындарымен аяқталды.