Ұмытылмас есімдер

«Южный» кітапхана-филиалында мерейтойлары 2024 жылы атап өтілетін Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған «Ұмытылмас есімдер» атты тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған әдебиеттер тарихи оқиғаларды, мемлекетаралық қатынастарды, ұлы тарихи тұлғалардың және белгілі шығармашылық адамдардың қызметін қамтиды.

Көрме бөлімі XI ғасырдағы түркі философы және энциклопедист Махмуд Қашқариға арналған. «Махамбет «Слово мое» кітабы, Махамбет Өтемісұлының қазақ халқының еркін рухы туралы шығармаларымен таныстырады. «Бибігүл Төлегенова» фотоальбомы оқырмандарды әншінің, шығармашылық жолдың қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінің фото суреттерімен таныстырады.  Сондай-ақ, келушілердің назарына ақын, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармалары ұсынылды.

Барлығыңызды  осы және көрмеде ұсынылған басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз.