Бір ел – бір кітап

Н. Островский ат. ОҚК «Бір ел – бір кітап» республикалық акция  аясында, қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай конференция өткізілді. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ кітапханашылары қатысты.

Конференция барысында «ОКЖ» ММ директорының м. а. Айгүл Едресқызы Сейдахметова құттықтау сөз сөйлейді. Қала кітапханаларының қызметкерлері кітап пен оқудың рөлі мен маңыздылығы туралы айтып, «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихын ашып өтті. «Қазақ балалар әдебиетінің классигі» библиографиялық көрсеткіші ұсынылды. Қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» атты туындысы бойынша бейне әңгіме, кітапхана-филиалдарының қызметкерлері «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Чемпион» кітаптарын ұсынды.

Конференция тақырыбы кәсіби қоғамдастық үшін өзекті. Конференция аясында мамандар Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау бойынша жақсы білім мен тәжірибе алды.