Ұлы детектив шебері

Ұлы детектив шебері

Ағылшын жазушысы А. К. Дойлдың туғанына 165 жыл толуына орай «Узкоколейная» кітапхана-филиалының оқырмандары үшін белгілі жазушының шығармашылығына арналған «Ұлы детектив шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Артур Конан Дойл – детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі, көптеген шытырман оқиғалы, тарихи, публицистикалық, фантастикалық және әзіл-оспақты шығармалардың авторы. Көрмеде «Шерлок Холмстың шытырман оқиғалары», «Сэр Найджел», «Жоғалған әлем», «Шерлок Холмстың жазбалары» және т.б. кітаптар бар. «Шетел әдебиетінің тарихы» кітабынан оқырмандар ұлы жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныса алады.
Құрметті оқырмандар! Сізді Артур Конан Дойлдың қызықты әлеміне шақырамыз!
Ұлы детектив шебері