Қолөнерлік ғажайып

Қолөнерлік ғажайып

«Южный» кітапхана-филиалында Балаларды қорғау күніне арналған «Романтик» аула клубының мүшелері үшін «Қолөнерлік ғажайып» атты арт-терапия өткізілді.
Шара басында кітапханашы мерекенің тарихымен таныстырды. Шақырылған қонақ – А. И. Никифоров атындағы Қостанай көркемсурет мектебінің педагог-суретшісі, балалар кітабының иллюстраторы Нина Сергеевна Олексюк тұзды қамырдан бөлшектерді жасау сабағын өткізді. Жасау әдістері туралы қызықты әңгімеден кейін, балалар қамырдан бөлшектерді ынтамен мүсіндеп, бояуға кірісті.
Шара соңында дайын жұмыстар көрмесіне шолу жасалды. Іс-шара жылы, шығармашылық атмосферада өтті. Балалар атқарылған жұмыстардан жарқын әсер алды.