Азат елдің көк Туы, көгімде мәңгі желбіре

Азат елдің көк Туы, көгімде мәңгі желбіре

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қонай» кітапхана-филиалында жазғы мектеп жанындағы алаңның балаларына арналған «Азат елдің көк Туы, көгімде мәңгі желбіре» патриотизм сағаты өткізілді.
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Жыл сайын мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Кітапханашы Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы, авторлары туралы айтып берді.
Іс-шара басында ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды, балалар елдің туы мен елтаңбасындағы элементтер туралы белсенді түрде айтып берді.
Балалардың назарына Рәміздер туралы кітаптар мен брошюралар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заң, С. Трофимованың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері», «Қазақстан –құқықтық мемлекет» брошюрасы, Е. Шаймерденов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны» ұсынылды.