Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылықтар

2024 жылдың 04 маусымында «Строительный» кітапхана-филиалы Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылықтар» көрме-панорамасын ұйымдастырды.
Рәміздер – бұл мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттары. Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба және Әнұран болып табылады.
Ақын Ербол Шаймерденұлының «Елтаным» кітабы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін туралы жан-жақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған.
Ербол Шаймерденнің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері = Государственные символы Республики Казахстан» кітабында өскелең ұрпақтың ұлттық интеллектісі мен ақыл-ойы үшін бойтұмар болатын рәміздердің маңыздылығы ашылады.
Светлана Трофимованың «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері» атты басылымы үш тілде басылып шыққан, мемлекеттік рәміздермен, көрікті жерлермен, ел қалаларымен таныстырады.
Сіздерді көрме-панорамаға қатысуға шақырамыз!