Қазақстанның мемлекеттік нышандары және оның тарихи дамуы

Қазақстанның мемлекеттік нышандары және оның тарихи дамуы

4 маусымда «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері балаларға арналған «Қазақстанның мемлекеттік нышандары және оның тарихи дамуы» тақырыбында бейне викторина өткізді.
Кітапханашы мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихы мен бүгінгі күні екенін атап өтті. Балаларға Қазақстан Республикасының Туының, Әнұранының және Елтаңбасының қалыптасу тарихын көрсететін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты бейнеролик көрсетілді. Жас кітапхана оқырмандары бейне викторина сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында балалар «Қазақстанның мемлекеттік нышандары және оның тарихи дамуы» атты тақырыптық сөремен танысты.