Менің елімнің басты құндылықтары

2023 жылғы 4 маусымда мемлекеттік рәміздерге арналған іс-шаралар шеңберінде «Узкоколейный» ықшам ауданындағы кіші жастағы балаларға арналған «Менің елімнің басты құндылықтары» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара Әнұранды орындаудан басталды. Кітапханашы мемлекеттік рәміздердің пайда болуының қысқаша тарихын айтып берді. Балалар мемлекеттік рәміздердің ҚР Конституциясының 9-бабында бекітілгенін және Конституцияның 34-бабында әрбір азамат еліміздің мемлекеттік рәміздерін білуі және құрметтеуі тиіс екенін білді. Балалар үшін «Мемлекет рәміздері» тұсаукесері ұйымдастырылды, онда кітапханашы рәміздердің элементтері мен олардың мәні туралы толық айтып берді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты интерактивті викторинасы дайындалды.