Мемлекеттік рәміздер – ел негізі

«Северный» кітапхана-филиалында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі Қостанай облысы қызметкерлерінің және «Жас шекарашы» ҚПК қатысушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – ел негізі» атты іс-шара өткізілді.
Ақпараттық сағат барысында рәміздер туралы ақпарат берілді, сондай-ақ «Жас шекарашы» АПК қатысушыларына шекара әскерлерінің туы табысталды.
Іс-шара патриоттық әнмен аяқталды.