Дені саудың – жаны сау

Жас оқырмандар үшін «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Дені саудың – жаны сау» атты кітапхана жиындарын өткізді.
Кітапханашы спортпен шұғылданудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану, қатаю, пайдалы және жаман әдеттер туралы айтып берді. Балалар «С чего надо начинать свой день, чтобы быть бодрым и веселым» сондай-ақ, балалар сыртқы келбетіне күтім жасау үшін қажетті заттар туралы жұмбақтар шешіп, спорт туралы мақал-мәтелдер үйренді. Іс-шарада керемет және достық атмосфера, балалардың көңілдері көлдей болды.