Ашықтық, бейбітшілік, үміт нышандары

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері оқырмандар үшін «Ашықтық, бейбітшілік, үміт нышандары» атты викториналық ойынын өткізді. Оқырмандарға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» бейнеролик көрсетіліп, викториналық ойын өткізілді, мемлекеттік рәміздер мен еліміздің тарихы туралы әдебиеттер ұсынылған тақырыптық сөре дайындалды.
Іс-шара оқырмандардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жалпылауға, тереңдетуге және бекітуге көмектесті.