Я памятник себе воздвиг нерукотворный

«Северный» кітапхана-филиалында жазғы мектеп лагерінің қатысушылары үшін А. С. Пушкиннің мерейтойы аясында, ұлы орыс ақынының шығармашылығына арналған «Я памятник себе воздвиг нерукотворный» атты тақырыптық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында балалар Александр Сергеевич Пушкиннің әдеби мұрасымен танысып, ертегі викторинасына қатысып, өз эмоцияларын суреттермен және пластилиннен жасалған қолөнермен білдірді.
Шара соңында кітапхана кинотеатрында Пушкиннің сүйікті ертегілерін тамашалау ұйымдастырылды.