Нұрлы балалық шақ!

Дүниежүзілік балалар еңбегімен күрес күніне орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Нұрлы балалық шақ!» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды. Тақырыптық сөреде келесі кітаптар ұсынылды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бала құқықтары туралы конвенция және «Назар аударыңыз! Балалар қауіпті жұмыстарда», «Жеткізу тізбегіндегі балалар еңбегін тоқтатайық», «12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні», сондай-ақ өткен ғасырлардағы ауыр балалар еңбегі туралы көркем әдебиеттер – А. Чеховтың «Ванька», Д. Григоровичтің «Гуттаперчевый мальчик», Н. Некрасовтың өлеңдері «Плач детей», «Мужичок с ноготок» және т.б.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөредегі материалдармен танысуға шақырамыз.