Ұлы дала – Қазақ елім

12 маусымда 2024 жылы «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 жалпы білім беру мектептің оқушылары үшін, «Ұлы дала – Қазақ елім» атты танымдық сабақ өткізді. Кітапханашы «Менің елім» презентациясының слайдтары арқылы оқушыларды Қазақстан тарихымен және киелі орындармен таныстырды. «Қазақстанның киелі орындары қай жерде орналасқан» кітап көрмесінің материалының көмегімен, Қазақстанның еліміздің киелі жерлері: «Арыстан баб кесенесі», «Қарашаш ана кесенесі», «Домалақ ана кесенесі», «Бурабай» жерлеріне қысқаша тоқталып түсініктеме берді. Қасиетті орындарға арналған «Қазақстанның киелі орындары» бейнеролигі көрсетілді.
Сонында балалар ғибадат ету және қажылық нысандарына саяхаттары туралы әсерлерімен бөлісуге қуанышты болды. Іс-шара қызықты да, тартымды өтті.