Жол белгілерінің мектебі

13 маусымда «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Жол белгілерінің мектебі» тақырыптық ойынын өткізді. Іс-шараның басында кітапханашы жол қозғалысының тарихы туралы айтып, қандай жол белгілері бар екенін атап өтті, балалармен «Своя игра» байқауын өткізді, «Жол белгілері» жұмбақтарын шешті, «Разрешается – запрещается» сөз ойынын ойнады және іс-шара соңында балалар «жол белгілерін» бояды.