Өмір әдемі – бекерге тәуекел етпеңіз

14 маусымда «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай қаласы автомобиль көлігі колледжінің студенттері үшін «Өмір әдемі – бекерге тәуекел етпеңіз» атты тәрбие сағатын өткізді.
Шара барысында жастарға жан-жақты салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтылды. «Есірткі сізді өміріңізден сызып тастайды» бейнеролигі көрсетілді, сонымен қатар «Біз есірткіге қарсымыз» атты тақырыптық көрме көрсетілді.