Кітапхана. Отбасы. Ақпарат

2024 жылғы 19 маусымында Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері отбасылық құндылықтарды және кітап оқуды насихаттай отыра «Кітапхана. Отбасы. Ақпарат» атты флаер-акциясын ұйымдастырды. Акция барысында кітапханашылар, саябақта қала тұрғындарына, жас өспірімдерге, сонымен қатар жас отбасыларына Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, елін, жерін сүйетін азаматты қалыптасыратын орта ол – жанұя екендігін және теледидар мен компьютерлік ойындарға аз тәуелді болу үшін кітап оқудың пайдасын түсіндіретін ақпараттар берілген бүктемелер таратылды. Қала тұрғындары Отбасы күніне арналған акцияға қатысып, кітап оқудың бала тәрбиесіндегі маңызы туралы айтты.