Ертегіні дауыстап оқу

2024 жылдың 20 маусымда «Строительный» кітапхана-филиалында «Островок приключений» үйірмесінің отырысы өтті. Тақырыбы: «Ертегіні дауыстап оқу».
Үйірмеге «Арман» Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының «Шабыт» демалыс орталығының балалары қатысты. Кітапханашы қазақ халқының даналыққа, тапқырлыққа, рухани жомарттыққа толы ертегі қоймасының байлығы туралы айтты. Балалар «Ақыл сатушы» атты қазақ халқының ертегісін оқыды. Олар батырлардың іс-әрекетін қызыға әңгімелеп, талқылап, әділеттің зұлымдықты жеңгеніне қуанған.
Әңгіме қызықты және әсерлі болды!