Балаларға арналған қызықты ойындар

«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Кітапханашы балаларға қызықты қимыл-қозғалыс ойын түрлері туралы айтып берді және ойын шарттарымен таныстырды. Іс-шара барысында оқушылар «Төрт құбылыс», «Көңілді шеңбер», «Орныңды тап», «Сөзді есіңде сақта» т. б. көптеген көңіл көтеретін, ептілікті дамытатын ойындарда зор ынтамен және белсенділікпен ойнады. Сабақ өте көңілді жағдайда өтті.