Гүлдер мерекесі

21 маусымда Халықаралық гүлдер күні аясында, «Западный» кітапхана- филиалының қызметкерлері «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің қатысушылары үшін «Гүлдер мерекесі» атты аппликациялық шеберлік сыныбын өткізді. Кітапханашы мерекенің тарихын айтып берді. Балалар гүлдер туралы қызықты мәліметтерді білді, жұмбақтар шешті, пазл құрастырды. Шара соңында түрлі-түсті қағаздан өздері аппликация жасады.