Кітапханаға саяхат

«Северный» кітапхана-филиалында 21 маусымда «Дарын» білім беру орталығының балалары қонақта болды, олар бізді өздерінің қызығушылығымен, таным мен ой-өрісін кеңейтуге деген құштарлығымен таң қалдырды.
Біздің кітапхана бағымен таныстыру экскурсиясы барысында, балалар барлық ағаштар мен гүлдерді дұрыс атады. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналауға өте көпшіл және үлкен ынтамен қатысып, ертегі кейіпкерлері бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді, «Кітап нені жақсы көреді» ойынын ойнады.
Іс-шара соңында балалардың назарына жазғы кинотеатр сеансы ұсынылды. Балалар «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін тамашалады.