Астана – бейбітшілік қаласы

Астана – Қазақстанның жүрегі және еуразиялық кеңістіктің орталығы. «Строительный» кітапхана-филиалында Отанымыздың астанасы туралы экспресс-көрме ұйымдастырылды.
Ж. Қазанқаповтың «Астана – суретшілер көзімен = Астана в графике и живописи» атты альбом-кітабында ең үздік картиналары мен қылқалам шеберлерінің шығармалары ұсынылады. З. Кабульдиновтың «Астана – прошлое и настоящее» кітабы астананың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы туралы баяндайды. Осы басылымда мұрағаттық және жазбаша материалдар пайдаланылды, сондай-ақ автор өзінен бұрынғы өлкетанушылар мен елордамыздың тарихын зерттеушілердің еңбектеріне сүйенді.
Құрметті пайдаланушылар! Сіздерді, көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.