Балалық шақтың мультфильмдері, баға жетпес қазына

2024 жылдың 02 шілдесінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Балалық шақтың мультфильмдері, баға жетпес қазына» атты мультсеансы өткізілді.
Іс-шараға Қостанайдағы «Арман» ерікті мүгедектер қоғамының «Вдохновение» демалыс орталығының балалары қатысты. Кітапханашы мультфильмнің пайда болу тарихымен және қызықты фактілерімен таныстырып өтті. Қатысушыларға А. Лингрен «Малыш и Карлсон», Г. Х. Андерсен «Снежная королева», Ш. Перро «Кот в сапогах» балаларға арналған кітаптар ұсынылды және осы ертегілерге қойылған мультфильмдер көрсетілді. Қатысушылар сүйікті ертегі кейіпкерлерін түрлі-түсті қағаздан жасады.
Мультфильмдер мен ертегілердің сиқырлы әлемі балаларды бағындырды, барлығы үлкен әсер алды!